Accessibility links

Иран жаңа зымыран өндірісін бастағанын айтты


Иран құрлықтан әуеге ұшырылатын жаңа зымыранын өндіруді бастағанын хабарлап отыр. Иран бұқаралық ақпарат құралдарының айтуынша, қорғаныс министрі Мостафа Мохаммад Нажжар жаңа қорғаныс жүйесі 40 шақырымнан ұзақ қашықтыққа жетеді және ол өте тез жылдамдықпен жаулардың ұшақтары мен тікұшақтарын соға алады деп мәлімдеген. Оның алдында Израиль Иранды оның ядролық бағдарламасына байланысты бомбылауы ықтимал деген даулы хабарлар шыққан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG