Accessibility links

Обама мен Саркози Иранды ядролық қару дамытпауға шақырды


АҚШ президенті Барак Обама мен оның француз әріптесі Николя Саркози Иранды ядролық қару бағдарламасын дамытпауға шақырды. Нормандияның Кан қаласында журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Обама осы мәселеге байланысты Иранмен "мықты дипломатия" жүргізілуі тиіс деп атап көрсетті. Саркози болса президент Махмуд Ахмадинежадтың «ессіз мәлімдемелеріне» байланысты өзінің алаңдап отырғанын білдірді.
XS
SM
MD
LG