Accessibility links

Ресей Беларустің сүт өнімдеріне тыйым салды


Ресей Беларусь сүт өнімдерінің импортталуына тыйым салды. Интерфакс пен РИА-Новости ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ресейдің бас санитарлық дәрігері Геннадий Онищенко Беларусь экспорттаушылары жаңа ережелерге сәйкес қажетті құжаттарын реттей алмай отыр деген. Бұл тыйым сенбіден бастап өз күшіне енген.

Оның алдында Беларусь президенті Александр Лукашенко Мәскеуді несие бермеуіне байланысты сынады. Лукашенконың айтуынша, Ресей билігі Минскіден Грузияның екі жікшіл аймағының тәуелсіздігін мойындауды талап еткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG