Accessibility links

Израилдің бейбітшілік туралы саясаты жарияланбақ


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху алдағы аптада маңызды мәлімдеме жасайтынын хабарлады. Онда ол Израиль үкіметінің бейбітшілік пен қауіпсіздік туралы саясатын жарияламақ. Нетаньяхудың жолдауы нақты қайсы күні болатыны айтылмады.

Бейсенбі күні Қаирде АҚШ президенті Барак Обама Вашингтонның Израилмен арадағы «үзілмейтін» байланыстарын айрықша атап өтіп, бірақ Израиль Батыс жағалаудағы қоныстарын кеңейтуін тоқтатуы тиіс деп қайталап айтты.
XS
SM
MD
LG