Accessibility links

Қарзай Бәкиевті Манас әуе базасына қатысты кездесуге шақырды


Ауғанстан президенті Хамид Қарзай өзінің қырғыз әріптесі Құрманбек Бәкиевті Манас әуе базасына қатысты келіссөздер өткізуге шақырды. Қырғыз президентінің хатшылық қызметі басшысының орынбасары Максим Каганердің айтуынша, президент Бәкиевке жолдаған дипломатиялық хатында Қарзай егер Ауғанстандағы лаңкестікке қарсы операциялар сәтсіздікке ұшыраса, ол бүкіл Орталық Азияға кесірін тигізуі мүмкін деп ескерткен. Бұл туралы Каганер Азаттық радиосының қырғыз қызметіне берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Қарзай мен Бәкиев бұл мәселені талқылау үшін осы айда Екатеринбургте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті барысында кездесуі мүмкін.

Қырғызстан осы айдың басында НАТО-ға мүше барлық елдермен Манас әуе базасын жалға беру туралы келісімдердің күшін жойды. Негізінен бұл базаны пайдаланған АҚШ күштері тамыз айына дейін шығарылады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG