Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан АҚШ-пен ынтымақтастықты күшейтуге дайын


ҚР мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев АҚШ Президенті Б.Обаманың Каир университетіндегі сөзіне байланысты өз ойын білдірді, — деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан басшысы Барак Обама Каирде сөйлеген сөзі арқылы өзінің мұсылман әлемімен ымыра мен өзара түсіністікті ретке келтіруге ұмтылатынын көрсеткенін айтты.

«Мені АҚШ Президентінің осындай сындарлы ұстанымы жігерлендіреді және Қазақстан өз тарапынан Америка Құрама Штаттарымен саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге дайын», — деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Қорқыту мен зорлыққа табан тірейтін мемлекет басшысы мен қауіпсіз, еркін және гүлденуші әлемді құруға өз үлесін қосуға дайын басшының арасы жер мен көктей. Президент Обама өз сөзінде өзінің осы айырмашылықты жақсы сезінетінін анық білдірді, сондықтан да мен оның бірігіп іс-қимыл танытуға шақыруын зор жігермен қабылдаймын», — деді Қазақстан президенті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG