Accessibility links

«Allianz Kazakhstan» "Ақ ауыл" құрылыс компаниясын сотқа берді


Allianz Kazakhstan» сақтандыру компаниясы АҚ «Корпорация «Ақ Ауыл» АҚ құрылыс компаниясын алаяқтық жасады деп айыптады. Сақтандыру компаниясы таратқан баспасөз хабарламасында 2007 жылы Алматы облысындағы «Премьера» тұрғын үй кешені үлескерлерінің алдында құрылыс салушының жауапкершілігі жөнінде ерікті сақтандыру үшін 18 келісім жасалған. Пайда иеленушілер тізіміне 126 үлескер кірген.

«Компанияға «Корпорация «Ақ Ауыл» АҚ-ның құрылыс салушының жауапкершілігі жөнінде ерікті сақтандыру бойынша пайда иеленушінің тізіміне кірмей қалған 68 үлескері қайырылған. Бұл үлескерлерде «Үлескерлердің алдында құрылыс салушының жауапкершілігі туралы» сертификат бар, оған «Жауапкершілікті «АТФ Полис» сақтандырады» деп жазылып, «Корпорация «Ақ Ауыл» АҚ жылжымайтын мүлікті сату басқармасы бастығының қолы қойылған.

«Allianz Kazakhstan» АҚ құрылыс компаниясымен байланысуға бірнеше рет әрекет еткен. Компания заңгерлері «Корпорация «Ақ Ауыл» АҚ директорына жіберген хатқа да жауап берілмеген. Қазір «Allianz Kazakhstan» аталған құрылыс компаниясына қатысты Алматының ауданаралық экономикалық сотына шағым түсіруге мәжбүр болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG