Accessibility links

Қазақстан журналистері 4:1 есебімен жеңіске жетті


ҚазТАГ –тың хабарлауынша, Қазақстан мен Англия журналистерінің құрама командаларының арасында өткен жолдастық матчтың қорытындысы бойынша қазақстандық журналистер ағылшын әріптестерін 4:1 есебімен ұтып кетті.

Команда құрамында Қазақстанның намысын КТК, «Мир», «Қазақстан-1», «31 канал» телеарналары мен «Жас қазақ», «ПРО спорт», «Бизнес и власть», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының журналистері қорғаса, Англия құрамасының сапында Daily Mirror, The Independent, Sunday Times, Daily Mail, The Times, Reuters, Nationwide, The Sun, The Daily Telegraph, The Guardian, Daily Express, Getty Images, BBC Five Live сияқты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ойнады.

«Қазақстан құрамасына қалалық әкімшіліктің өкілдері де қатысты. Мәселен, қала әкімі Ахметжан Есімов шабуылшы ретінде команда құрамында болды, бірақ қарсыластың қақпасына бір де бір доп салған жоқ», — деді Қазақстан құрамасының қорғаушысы, «ПРОспорт» газетінің бас редакторы Геннадий Төлегенов.
XS
SM
MD
LG