Accessibility links

Кәрім Мәсімов ертең Беларуссияға барады


ҚР СІМ –нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың хабарлауынша, ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов ертең ресми сапармен Беларуссияға бармақ. Сапар аясында осы елдің басшылығымен екі жақты кездесулер жоспарланған.

«Келіссөздердің негізгі тақырыбы Қазақстан мен Беларуссияның саяси, сауда- экономикалық, мәдени –гуманитарлық байланыстарының әрі қарайғы дамуы жөнінде болмақ. Тараптар халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық пен екі жақты байланыстардың дамуын талқыламақ. Кездесу қорытындысы бойынша екі емемлекеттің әр түрлі саладағы өзара ынтымақтастығын тереңдетуге бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылады», — деді ресми өкіл.
XS
SM
MD
LG