Accessibility links

Пхеньян екі АҚШ журналисін соттады


Солтүстік Корея соты АҚШ журналистері Лаура Лиң мен Еуна Лиді 12 жылға еңбекпен түзеу ережесі бойынша түрмеге жапты. Хабарларға қарағанда, Орталық сот ол журналистерді шекараны заңсыз қиып өтті және басқа да ауыр қылмыстар жасады деп айыптаған. Алайда, ол қылмыстар жөнінде нақтылай айта қойған жоқ.

АҚШ-тың Current TV телеарнасында жұмыс істеген ол журналист-ханымдар наурыз айында, Солтүстік Корея мен Қытай шекарасына жақын жердегі босқындар лагері жайлы хабар жасап жүрген кездерінде тұтқындалған болатын.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон журналистерге тағылған айыптаулардың шындыққа жанаспайтынын айта келіп, Пхеньян оларды босатуы тиіс, деген болатын.
XS
SM
MD
LG