Accessibility links

Обама Пхеньянның екі АҚШ журналисін соттағанына айрықша алаңдаулы


АҚШ президенті Барак Обама өкілінің айтуынша, Ақ үй Солтүстік Корея сотының шешімімен түрмеге жабылған АҚШ журналистері Лаура Лиң мен Еуна Лиді босатып алудың барлық мүмкіндіктерін іздестіруде. Сот шешімімен ол журналистер 12 жылға еңбекпен түзеу ережесі бойынша түрмеге жабылған болатын. Хабарларға қарағанда, Орталық сот журналистерді шекараны заңсыз қиып өтті және басқа да ауыр қылмыстар жасады деп айыптаған. Алайда, ол қылмыстар жөнінде нақтылай айта қойған жоқ.

АҚШ-тың Current TV телеарнасында жұмыс істеген ол журналист-ханымдар наурыз айында, Солтүстік Корея мен Қытай шекарасына жақын жердегі босқындар лагері жайлы хабар жасап жүрген кездерінде тұтқындалған болатын.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон журналистерге тағылған айыптаулардың шындыққа жанаспайтынын айта келіп, Пхеньян оларды босатуы тиіс, деген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG