Accessibility links

Кәрім Мәсімов Мәскеудегі ЕурАЗЭҚ кеңесінің отырысына қатысады


Бүгін Мәскеуде ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Еуразия экономикалық қауымдастығы (ЕурАЗЭҚ) үкіметаралық кеңесінің 23 отырысына қатыспақ.

Отырыс барысында ЕурАзЭҚ елдері үкімет басшыларының «Қауымдастыққа мүше елдердің экономикалық ахуалы және ортақ шешімді қажет ететін экономикалық ынтымақтастықтар мәселелері жөніндегі» баяндамалары тыңдалып, ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қорын құру мен қор қаржысын басқару туралы келісімді қабылдау жоспарлануда.

Бұған қоса үкіметаралық кеңес отырысында ақпараттық, қаржы және ұйымдастыру мәселелері қарастырылмақ.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG