Accessibility links

Кәсіпкерлер қауымдастығы Серік Тұржановқа қатысты істің әділ тергелуін қалайды


Бүгін ҚР тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы Серік Тұржановқа қатысты Алматы кәсіпкерлер қауымдастығының жеке кепілдігі жөніндегі үндеуі туралы деген тақырыппен баспасөз мәслихатын өткізбек.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы Серік Тұржановқа қатысты жағдайды анықтау мен әділ шешім шығаруды сұрап президент Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдаған еді.

Маусымның 2-і күні «КИІК Фирмасы» ЖШС-нің құрылтайшысы Серік Тұржанов жемқорлық жасады деген күдікпен осы фирманың бас директоры Александр Нысанов және статистика агенттігі төрағасының орынбасары Бірлік Меңдібаевтармен бірге қамауға алынған болатын.
XS
SM
MD
LG