Accessibility links

Мәскеудегі ҰҚШҰ сессиясы терроризм мен төтенше жағдайлар жайын талқыламақ


14 маусымда Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Онда ҰҚШҰ-ның жауапты аймағындағы жағдайдың барысы, қауіп қатермен күрес саласындағы мәселелер есепке алынып, ұйымның нормативтік – құқықтық негізін жетілдіру жайы талқыланбақ.

Сессия барысында ұйымға мүше елдер жетекшілері терроризм, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету және сыртқы саяси қатынастарды үйлестіру мәселелері бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылдау мүмкіндігін қарастырмақ. Сессия соңында бірқатар құжаттарға қол қою жоспарлануда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG