Accessibility links

Балқаш мырыш зауыты жұмысын уақытша тоқтатты


Балқаш мырыш зауыты жұмысын тоқтатты, — деп хабарлады «Қазақмыс» корпорациясы «Балхашцветмет» өндірістік бірлестігінің бас директоры Дүйсенғали Байқуатов.

«Қоңырат кен өндірісінің пайдасыздығы мен мырыш зауыты өнімі бағасының арзандауы аталған екі кәсіпорынның жұмысын уақытша тоқтатты. Жұмыстан босаған қызметкерлер «Балхашцветметтің» басқа құрылымдық бөлімдеріне ауыстырылды», — деді ол.

Балқаш мырыш зауыты «Қазақмыс» корпорациясының басты құрылыс жобасы болған. Оның құрылысына 120 млн доллардан астам инвестиция тартылған. Жобаның күші жылына 100 мың тонна, зауытта 700 ден астам адам жұмыс істеген.
XS
SM
MD
LG