Accessibility links

Екатеринбургте ШЫҰ елдері жаһандық қауіпсіздікті талқыламақ


15-16 маусым аралығында Екатеринбургте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің отырысы өтеді, — деп хабарлайды ҚР СІМ ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

ШЫҰ -ға мүше мемлекеттер басшылары, ұйымдағы бақылаушы мемлекеттер, төрағалық етуші елдің қонақтары – Ауғанстан және Түрікменстан, сонымен қатар БҰҰ, ТМД, ҰҚШҰ тұрақты органдары өкілдері қатысатын аталмыш саммит 2008-2009 жылдардағы Ресей төрағалығының қорытындысын шығармақ.

Жиын барысында ұйымның ағымдағы мәселелерімен қатар Беларуссия Республикасы мен Шри Ланка Социалистік Республикасына ШЫҰ диалогы бойынша серіктестік мәртебесін беру туралы және мәселелер талқыланбақ.

Саммит қорытындысы бойынша Екатеринбург декларациясы және Ортақ коммюнике қабылданып, сонымен қатар өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған басқа да құжаттарға қол қою жоспарлануда.
XS
SM
MD
LG