Accessibility links

Ауғанстанда канадалық әскер мерт болды


Ауғанстанның оңтүстігіндегі жарылыстан канадалық әскер қаза болды. Ауған еліндегі канадалық әскер қолбасшылығының өкілі хабарлағандай, дүйсенбі күні Қандағар қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан Нахони елдімекенінде қолдан жасалған жарылғыш зат жарылғанда бір канадалық сарбаз мерт болды.
Канада әскерилерінің айтуынша, бұл әскер аймақтағы жарылғыш заттарды залалсыздандыру операциясына қатысып жүрген. Оның өлімі Ауғанстанда қаза тапқан шетелдік әскерлер санын 130-ға жеткізсе, 2002 жылдан бері мерт болған канадалық сарбаздар қатары 119 болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG