Accessibility links

Ауғанстандағы жарылыстан бір бала қаза тапты


Ауған ресмилерінің хабарлауынша, бүгін елдің солтүстік-шығысындағы АҚШ-тың көлік керуеніне жақын маңда болған жарылыстан кемінде бір сәби қаза тауып, 50 шақты адам жарақат алды.
Кунар провинциясындағы полиция басшысы Абдул Жалалдың айтуынша, белгісіз біреу Асадабад қаласындағы адам көп жиналған жерге граната лақтырып жіберген, полиция шабуылдаушының кім екенін анықтап жатыр.
XS
SM
MD
LG