Accessibility links

Украина шахтасындағы апаттан қаза тапқандар саны өсуде


Украинаның шығысындағы көмір шахтасында болған апаттан қаза болғандар саны кемінде 6 адамға жетіп, тағы хабарсыз кеткен жеті кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Риа-Новости агентігіне Украинаның өнеркәсіп министрлігінің өкілі хабарлағандай, дүйсенбі күні Донецк қаласындағы Скачинский шахтасында апат болғанда, 51 кенші жерастында жұмыс жасап жатқан. Оның 38-і апаттан аман шығып үлгерді.
Хабарларға қарағанда, шахтадағы апатқа жарылыс емес, газ жіберудегі қауіпсіздік жағдайы себеп болған сияқты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG