Accessibility links

Гуантанамоның бірінші тұтқыны АҚШ-қа әкелінді


АҚШ-тың Әділет департаменті хабарлағандай, бірінші Гуантанамо тұтқыны терроризм айыптары бойынша сотқа қатысу үшін Нью-Йоркке әкелінді.
Танзаниялық Ахмед Халфан Ғайлани 1998 жылы Африкадағы АҚШ елшіліктеріне шабуыл жасады деген айыппен сотқа тартылады.
Ол 2004 жылы Пәкістанда ұсталып, АҚШ-тың терроризм күдіктілерін ұстайтын Гуантанамо абақтысына қамалған.
Оның АҚШ-тағы соты президент Барак Обаманың Гуантанамо абақтысын жабу жоспары үшін маңызды сынақ болады.
XS
SM
MD
LG