Accessibility links

Атырауда Үндістан жұмысшысы қаза болды


Атырауда құрылысы салынып жатқан «Болашақ» зауытының ғимаратынан құлаған Үндістан жұмысшысы қаза болды, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі таратқан хабарламада 10 метр биіктіктен құлап қаза болған жұмысшының Консолидейтид Контрактинг компаниясының құбыр монтаждаушысы Үндістан азаматы Паппачан Байжу екені айтылған. Жұмысшы ауруханаға апара жатқанда көз жұмған.
XS
SM
MD
LG