Accessibility links

ЕурАзЭҚ елдері Дағдарысқа қарсы қор құрмақ


ЕурАзЭҚ елдерінің үкімет басшылары Дағдарысқа қарсы қор құру туралы келісімге қол қойды, қор жұмысы биыл басталмақ, қорды РФ қаржы вице-премьер – министрі Алексей Кудрин басқарады, — деп мәлім етті РФ премьер-министрі Владимир Путин.

Оның айтуынша, қордың қаржысы ЕурАзЭҚ елдеріне тұрақты несие мен қарыз түрінде беріледі. Сондай-ақ мемлекетаралық инвестициялық жобалар да аталмыш қордан қаржыландырылады. Дағдарысқа қарсы қор қаржысының жалпы көлемі 10 миллиард доллар, оның негізгі бөлігі — 7,5 миллиард долларды Ресей бермек.

ЕурАзЭҚ –қа Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан кіреді, ал Молдавия, Украина мен Армения одақ жанындағы бақылаушы ел мәртебесіне ие.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG