Accessibility links

Қырғызстанда осымен екінші адам найзағай түсіп қаза тапты


Қырғызстанның Ош облысындағы Қара құлжа жайлауында бес баланың анасы Жұмагүл Кәримова найзағай түсіп қайтыс болды, — деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл биылғы жылдың басынан бергі Қырғызстанда болып отырған екінші қайғылы оқиға. Бұдан бұрын 18 мамыр күні мектептен үйіне қайтып келе жатқан 14 жасар қыз балаға да жай түсіп, үш күн бойғы көрсетілген дәрігерлік көмек нәтижесіз болып, көз жұмған еді.
XS
SM
MD
LG