Accessibility links

Серік Тұржановқа айыптау жарияланбақ


12 маусымға дейін қаржы полициясы Ұлттық халық санағын жүргізуге бөлінген мемлекет қаржысын жымқырды деп ұстаған «КИІК Фирмасы» ЖШС-нің құрылтайшысы Серік Тұржановқа айыптау жарияланады, — деп хабарлады қаржы полициясының өкілі Мұрат Жұманбай.

«Ол ҚР ҚК-нің 142 бабы бойынша ұсталған, яғни 10 күн бойы бақылауда болады, осы уақыт ішінде Тұржановқа айыптау жарияланып, жазалау шараларын таңдау мәселесі шешіледі», — деді Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің ресми өкілі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «КИІК Фирмасы» ЖШС-нің құрылтайшысы Серік Тұржанов маусымның 2-і күні жемқорлық жасады деген күдікпен осы фирманың бас директоры Александр Нысанов және статистика агенттігі төрағасының орынбасары Бірлік Меңдібаевтармен бірге қамауға алынған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG