Accessibility links

Алматыдағы үлескерлер пәтерлері биыл пайдалануға берілмек


Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қалалық әкімшілікте коммерциялық тұрғын үй құрылысын тұрақтандыру жөніндегі ведомоствоаралық комиссия отырысының хаттамалық шешімі бойынша «Үкімет - Әкімдік- Құрылысты салушы» жүйесі арқылы қаржыландырылатын нысандар тізімі жасалды.

«Жетісу-3» тұрғын кешені. Пәтерлердің жалпы саны – 494. Құрылысы аяқталатын пәтерлер саны – 386, олардың бұрын үлескерлерге өткізілгені – 96. Құрылысты аяқтауға бөлінген сома – 5 233 898,1 мың теңге.

«Меркур Градтағы» 14 үй, жалпы үй саны - 30, пәтерлер - 1673, бұрын үлескерлерге өткізілгені – 511, бос пәтерлер – 1162. 2009 жылы құрылысы аяқталатын пәтерлер саны – 836 , оның ішінде үлескерлердікі – 240 пәтер. Құрылысты аяқтауға бөлінген сома – 4 766 101,9 мың теңге.

«Жетісу-3» тұрғын кешенін аяқтау биылғы қыркүйек айына жоспарланса, «Меркур Град» кешенінің құрылысы 2009 жылдың қазан айында тәмамдалмақ.
XS
SM
MD
LG