Accessibility links

Заңсыз мигранттарды еліне қайтару мәселесі қарастырылуда


Заңсыз мигранттарды еліне қайтару туралы ТМД елдерімен арадағы келісім мәселесі жақын арада шешілмек, — деп хабарлады ҚР Ішкі істер вице-министрі Олег Федоров.

«Қазақстан Ресей, Украина және Молдовамен бұл келісімге қол жеткізді, енді Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанмен арадағы аталған құжаттар жасалуда. Жақын уақытта барлық келісімге қол қойылып, тиісті құжаттарды қабылдаймыз деп ойлаймын», — деді ҚР Ішкі істер вице-министрі.
XS
SM
MD
LG