Accessibility links

АҚШ өкілі Палестина жетекшілерімен кездесуде


АҚШ өкілі Джордж Митчел Палестина басшыларымен кездесуде. Ол Израиль мен Палестина арасындағы бейбітшілік келіссөздерін қайта бастауға бағытталған талқылаулар өткізуде. Сейсенбі күні Джордж Митчел Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаняхумен кездесті. Израиль үкімет басшысы Израиль-Палестина жанжалын аяқтау мақсатындағы екі мемлекет құру шешімін әлі мақұлдамады. Бейсенбі күні АҚШ өкілі Митчел Бейрутқа, ал жұма күні Дамаскіге барады деп жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG