Accessibility links

Еуропа Комиссиясы: Ресей ДСҰ-на қатысты мәселені айқындауы тиіс


Еуропа комиссиясы Ресейден Дүниежүзілік сауда ұйымына Беларусь және Қазақстанмен аймақтық блок ретінде мүше болуға ұмтылыстары жөніндегі жоспарын айқындауды сұрады. Комиссия баспасөз хатшысы Лютц Гулнердің айтуынша, комиссия мұндай қадамның қалай жүзеге асатынын білгісі келеді. Осыдан бірнеше күн бұрын Мәскеу осы жылдың аяғына дейін Дүниежүзілік сауда ұйымына қабылдану үдерісін аяқтауға ниет білдерітінін растады деді Гулнер.

Сейсенбі күні Ресей премьер-министрі Владимир Путин Ресей, Беларусь және Қазақстан елдері Дүниежүзілік сауда ұйымына біріңғай кеден блогы ретінде мүше болуға әрекет етіп көреді деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG