Accessibility links

Жапонияда 54 жылдан бергі экономикалық құлдырау тіркелген


Жапонияда ЖІӨ 2009 жылдың І тоқсанындағы соңғы мәліметтер бойынша өткен алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 3,8% -ға төмендеген. Жылдық есептеу бойынша Жапонияда ЖІӨ -нің азайып кетуі 14,2% құраған. Бұл мәліметтерді ел үкіметінің экономикалық және әлеуметтік зерттеулер институты таратты.

Reuters агенттігі сұрау салған сарапшылар Жапонияның ЖІӨ-і 4%-ға дейін қысқарады деп болжауда. Алдын ала мәліметтер ЖІӨ -нің жылдық құлдырауы 15,2% болғанын көрсетуде.

Жапонияға әлемдік қаржы дағдарысының салдары ауыр тиюін сарапшылар ел экономикасының экспортқа тәуелділігіне байланысты деген пікірде.

Жапония экономикасының ең ірі тоқсандық қысқаруы 1955 жылы тіркелген.
XS
SM
MD
LG