Accessibility links

Белбеуіне асылып өлген сарбаздың денесі табылды


КТК телеарнасының Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Алматы облысындағы «1-мамыр» ауданы маңында орналасқан № 97617 әскери бөлімшесінде Қайрат Нұржанов есімді сарбаздың өлі денесі табылған.

Жауынгер әскери бөлімшедегі тұрмыстық бөлмелердің бірінде шалбарының белбеуіне асылып қалған. Алдын-ала белгілі болған ақпарат бойынша, жауынгердің денесінде таяқ жегендіктің белгілері байқалмаған.

20 жастағы қатардағы жауынгер Қайрат Нұржанов әскерге 2008 жылдың күзінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Көлтоған ауылынан шақырылған. Қазір әскери бөлімшеде арнайы құрылған тергеу тобы жұмыс істеуде.

Соңғы бір жарым жылда Қазақстан әскері қатарында 95-ке жуық офицер мен сарбаздың өлімі тіркелген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG