Accessibility links

«Альянс банктің» зияны 16,4 миллиард теңгені құрады


«Альянс банк» АҚ-ның зияны 2009 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 16,4 миллиард теңгені құраған, бұл көрсеткіш өткен жылдың соңында 1,5 миллиард теңге болған. Сонымен бірге банктің жеке капиталы 162,2 миллиард теңгеден 143,9 миллиардқа қысқарған.

Сәуір айының соңында Fitch рейтинг агенттігі «Альянс банк» АҚ-ның рейтингін «RD» деңгейіне (шектеулі дефолт) түсірген еді. Қазір банк сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жөнінде кеңестер өткізуде.

2009 жылдың 11- мамырындағы мәліметке сәйкес, Альянс Банктің халықаралық қарыз бойынша 10 миллион доллардан аса берешегі бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG