Accessibility links

Обама Бәкиевке хат жолдады


Қырғыз ресмилерінің айтуынша, президент Барак Обама Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиевке жеке хат жолдаған. Вашингтон Қырғызстандағы Манас әуе базасының жабылуының алдын алу үшін әрекет етіп жатыр. Қырғыз президенті кеңсесінің хабарлауынша, Бәкиевке жолдаған хатында Обама Ауғанстандағы АҚШ операцияларына Қырғызстанның қолдау көрсетіп отырғанына байланысты алғысын білдірген. Бұл хабарды АҚШ елшілігі әлі растамады.

Ақпан айында Қырғызстан АҚШ-қа Манас әуе базасынан американдық күштерді шығаруына 6 ай уақыт берген болатын. Бәкиев Манас әуе базасын жабу жөніндегі шешім қайта қаралмайды деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG