Accessibility links

Ауғанстанда бүлікшілердің қолбасшысы аман қалған болуы мүмкін


АҚШ әскерилерінің айтуынша, Ауғанстандағы әуе шабуылында нысанаға алынған бүлікшілердің қолбасшысы аман қалған болуы мүмкін. Сәрсенбі күні Гор өлкесіндегі шабуылдардан Мулла Мустафа мен 16 бүлікші өлтірілді деп хабарланған болатын. Ал бейсенбі күнгі мәлімдемесінде АҚШ әскерилері өздерінде Мустафаның аман қалғандығы туралы сенімді мәліметтің бар екенін айтып отыр.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, әлгі шабуылдан 10 қарапайым азамат пен 12 қарулы адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG