Accessibility links

НАТО Ауғанстан мен Косово мәселесін талқылауда


НАТО қорғаныс министрлері Брюсселде жиналып, Ауғанстандағы жағдай мен Косово мәселесін талқылауда. Вашингтон Еуропа елдеріне Ауғанстандағы әскерилерінің санын көбейту туралы қысым жасамақ. АҚШ Талибанмен күресу мақсатында Ауғанстанға қосымша 21 мың сарбаз жіберуге уәде етті.

Брюсселдегі жиынның алдында сөйлеген сөзінде АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс НАТО одақтастары алдағы 18 айда Ауғанстанда алға басушылықтар болуы тиіс деп келісті деді.

Қорғаныс министрлері сондай-ақ Косовода НАТО күштерінің санын азайту жөніндегі мәселені талқылайды. Германия қорғаныс министрінің айтуынша, Косоводағы әскерилер 10 мыңға қысқарылуы мүмкін.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG