Accessibility links

Е. Досмұхамедов: Сахан апа қазақтың бас апасы еді...


Қазақстанның қуғындағы оппозициясы өкілі Ержан Досмұхамедов.

Қазақстанның қуғындағы оппозициясы өкілі Ержан Досмұхамедов.

Кішкентай ғана әлсіз аяққа жабайылықпен салынған гипс пен марқұмның кереуетінде жетімсіреп жатқан таяқ бейнеленген фотосурет менің есімде мәңгілік қалады. Өзінің «Ақиқаттың ақ жолы» атты кітабында біздің «күн сәулелі» бірінші президентіміз әр отбасының өзінің апасы болса бақытты болар еді деп дәл айтқан.

Иә, біздің қоғамымыздағы қариялар халық даналығының қайнар көздері. Отбасы жылуының, бірліктің және дәстүрдің күзетшілері. Сахан апа қазақтың ең басты апасы болды. 130 жасқа келген осы бір кішкентай ғана, бірақ ерік-жігері мықты адам Қазақстанның атын шығаруға өзінің үлесін қосты.

Планетадағы ең көп жасаған адам туралы британ баспасөзіндегі мақаланы мақтанышпен оқығаным есімде. Патшалық және Сталиндік режимнен аман өткен ол кісінің шамасы Назарбаевтың режиміне келмеді. Қарағанды әкімшілігінің сұрап алғандай бергені – екінші сортты жаман пәтердегі алғашқы кеште-ақ өлімші болып мертікті.
XS
SM
MD
LG