Accessibility links

Юрий Мизинов: Сыртқы істер министрінің орынбасарымен аттас авторымыз бары рас


«Zona.kz» интернет-газетінің бас редакторы Юрий Мизинов ҚР СІМ ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың сайт редакциясы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұртай Әбіқаев пен өздерінің авторының есімдерінің ұқасастығын пайдаланып, оқырмандарды шатастырып отыр деген пікірімен келіспейді.

«Бұл расымен де есімдердің ұқсас келуі. Біздің Нұртай Әбіқаев деген Сыртқы істер министрінің орынбасарымен аттас авторымыз бары рас. Және бұл редакция тәжірибесіндегі жалғыз жағдай емес», — деді Ю. Мизинов.

9 саусым күні «Zona.kz»-те жарияланған «Казахстан: вчера, сегодня, завтра» атты көшпенді қазақтар тұрмысы жайындағы мақаланың авторы шенеунік Нұртай Әбіқаевпен аттас автор болған.

Екі күннен кейін ҚР СІМ Сыртқы істер министрі орынбасарының бұған қатысы жоқтығын және жарияланымның авторы емес екенін айтып ресми түсініктеме берді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG