Accessibility links

Әлем елдері тұмау пандемиясымен күресуге әзір


Әлем елдері H1N1 вирусының жайылуына қарсы шараларды қолға алуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Бейсенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы доңыз тұмауы вирусын пандемия деп жариялады. Австралия премьер-министрі Кевин Рудтың айтуынша, оның елі жаңа вируспен күресуге әзір тұр. Австралияда бұл дертке 1300-ден аса адам шалдықты. АҚШ-тағы денсаулық сақтау ресмилерінің мәліметінше, олар вирустың күзде оралу мүмкіндігіне дайындалады. Ал Мексикада H1N1 вирусы бақылауға алынған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG