Accessibility links

Мәскеудің Киевтегі елшісі қызметінен босатылды


Президент Дмитрий Медведев Ресейдің Украинадағы елшісі Виктор Черномырдинді қызметінен босатты. Бейсенбі күнгі мәлімдемеде бұған қандай себеп болғандығы айтылмады бірақ Черномырдин Ресей президентінің кеңесшісі әрі ТМД елдерімен экономикалық ынтымақтастық бойынша президент өкілі болып тағайындалды деп хабарланып отыр.

Соңғы айларда газ дауына байланысты Мәскеу мен Киев арасындағы теке-тірес ушығып тұрған болатын.

Черномырдин 2001 жылдан бері Ресейдің Киевтегі елшісі қызметін атқарды. Оның орнына кімнің тағайындалатындығы әзірше белгісіз.
XS
SM
MD
LG