Accessibility links

Қазақстан ДСҰ-на мүше болуға ұмтылысы жөніндегі келіссөзін доғарды


Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға ұмтылысы жөніндегі келіссөздерін тоқтатып отыр. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні Қостанайда өткен шетел инвесторларының кеңесінде мәлімдеді. Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан аталған халықаралық ұйымға Ресей және Беларусь елдерімен бірге бірыңғай кедендік одақ болып кіруді көздейтін болады. Бұл ұсынысты осы аптада Ресей премьер-министрі Владимир Путин жасаған болатын.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG