Accessibility links

НАТО ауған полициясын жаттықтыруға келісті


НАТО қорғаныс министрлері ауған полициясын жаттықтыру мақсатында Ауғанстанға 300-ге жуық жартылай әскери күштерін жіберуге келісті. Брюсселдегі екікүндік жиынның соңында НАТО осындай шешімге келді. НАТО бас хатшысы Яап де Хооп Схеффердің мәлімдеуінше, бұл миссия ауған армиясын жаттықтыруды да бақылайтын болады. 061234

«Ауғанстандағы жаңа миссия елдің ұлттық армиясы мен полициясын жоғары деңгейде жаттықтыратын болады», - деді Схеффер.

Брюсселдегі жиында НАТО ресмилері сондай-ақ Косоводағы бітімгершілік күштерінің санын азайтуға келісті. Аймақтағы жағдай тұрақталып жатқанына байланысты сарбаздардың саны 14 мыңнан 10 мыңға қысқартылмақ.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG