Accessibility links

Ахмадинежад 63 пайыз дауысқа ие болды


Ирандағы сайлау комиссиясы басшысы Камран Данешиудың айтуынша, президент Махмуд Ахмадинежад жұма күнгі президенттік сайлау қортындысында осындай көрсеткішке қол жеткізген. Реформашыл үміткер Мир Хусейн Мусави, дауыстардың негізгі бөлігі саналған тұста, 34 пайыз дауысқа қол жеткізген екен. Үшінші орында елдегі Төңкерісшіл жасақтың бұрынғы басшысы Мохсен Резай 1,7 пайыздық көрсеткішпен келеді. Парламенттің бұрынғы төрағасы Мехди Карроби бір пайызға жетпейтін дауысқа қол жеткізген.

Дауыс берушілердің сайлауға қатысу белсенділігі 80 пайызға жеткен екен. Бұл-Иран тарихындағы ең үлкен көрсеткіш.
XS
SM
MD
LG