Accessibility links

Техранда шерушілер тұтқындалуда


Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың осы қызметіне қайта сайлануына қарсылықтарын білдіріп, шеруге шыққандардың ішінде қос реформашыл топтың кем дегенде 10 жетекшісі бүгін тұтқындалған екен. Олардың екеуі сенбі күнгі шеруді ұйымдастырды деп айыпталып отыр.

Сенбідегі ол шерулер Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың осы қызметіне қайта сайланғанына байланысты хабар тарасымен басталып кеткен болатын.

Келесі бір хабарға қарағанда Мошерекат партиясының ондаған мүшелері де тұтқындалған екен.

Алайда сот алқасы өкілінің айтуынша, ол азаматтар тұтқындалмаған, бар болғаны уақытша ұсталып, оқиғаны одан әрі ушықтырмау туралы ескерту алған боп шықты. Олар көп ұзамай қайта босатылған еді, дейді заң орындары.
XS
SM
MD
LG