Accessibility links

Оңтүстік Вазеристанда кем дегенде 3 адам қаза тапты


Пәкістан ресмилерінің айтуынша, АҚШ-қа тиесілі деп күдіктелген зымыран Оңтүстік Вазеристанда кем дегенде 3 адамды өлтірді. Ол зымыран Ладха аймағында бір немесе бірнеше көлікке тиген екен. Құрама Штаттар мұндай зымырандарды немесе ішінде ұшқышы жоқ ұшақты қарулы топтар басшыларын көздеу үшін пайдаланады.

Бұл оқиғадан бұрынырақ, Пәкістан ұшақтары Талибан мекендерін атқылауда деп хабарланған болатын. Талибан басшысы Байтулла Мехсудтың Вазиристандағы бекінісіне сенбі күні шабуыл жасалған еді. Ол шабуыл, содан бір күн бұрын талибанға қарсы діни тұлғаның Талибан қолынан өлтірілуіне орай кек қайтару тұрғысында жүзеге асырылған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG