Accessibility links

Техран полициясы шеруді басып-жаншуда


Иран полициясы шеруге қайта шыққан халыққа қарсы көз жасаурататын газ қолданды. Президенттікке үміткер Мир Хусейн Мусави жақтастары полицияға тас лақтырып, таяудағы дүкендерге қашып тығылған еді. Полиция оларды жасырынған жерлерінен алып шығып, біразын тұтқындады. Техран полиция басшысының орынбасары Ахмад Реза Раданның айтуынша, ұсталған 170 адамның ішінде 10-ы осы шерулерді ұйымдастырушылар деп есептелуде. Тұтқындаулар одан әрі жүргізілмекші.
XS
SM
MD
LG