Accessibility links

ШЫҰ-ға мүше елдер басшыларының саммиті басталады


Бүгін Екатеринбургте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 8-ші отырысы басталады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, саммитте 2008-2009 жылдардағы Ресейдің ұйымға төрағалық қызметінің қорытындысын шығару көзделіп отыр.

Жиынға ШЫҰ -ға мүше мемлекеттер басшылары, ұйымдағы бақылаушы мемлекеттер, төрағалық етуші елдің қонақтары – Ауғанстан және Түрікменстан, сонымен қатар БҰҰ, ТМД, ҰҚШҰ тұрақты органдары өкілдері қатысады.

Саммит қорытындысы бойынша Екатеринбург декларациясы және Ортақ коммюнике қабылданып, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған басқа да құжаттарға қол қою жоспарланған.
XS
SM
MD
LG