Accessibility links

Қазақстан кондитерлік өнімдерге салық көлемін көбейтті


Қазақстан ішкі нарықты қорғау үшін импорттық кондитерлік өнімдердің кейбір түрлеріне кедендік салық көлемін көбейтті. Кедендік баж салығы 2009 жылдың 13 маусымынан 20 қыркүйекке дейінгі кезеңде импортталатын кондитерлік өнімдер үшін көбейтілген.

Салық мөлшері 1 килограмы 0,3 еуродан арзан емес тауардың кедендік құнының 28 пайызын құрайды. Қазақстанға кондитерлік өнімдердің негізгі бөлігі Ресей, Түркия мен Еуродақ елдерінен тасымалданады.
XS
SM
MD
LG