Accessibility links

Серік Тұржановқа тұтқындау жазасы белгіленді


ҚР сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Серік Тұржанов Ұлттық халық санағын жүргізуге бөлінген мемлекет қаржысын жымқырудағы ықпалдастығы үшін айыпталып, оған тұтқындау жазасы белгіленді, — деп хабарлайды Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің өкілі Мұрат Жұманбай.

10 маусым күні Мұрат Жұманбай: «Серік Тұржанов ҚР ҚК-нің 142 бабы бойынша ұсталған, яғни 10 күн бойы бақылауда болады, осы уақыт ішінде Тұржановқа айыптау жарияланып, жазалау шараларын таңдау мәселесі шешіледі», — деген еді

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «КИІК Фирмасы» ЖШС-нің құрылтайшысы Серік Тұржанов маусымның 2-і күні жемқорлық жасады деген күдікпен осы фирманың бас директоры Александр Нысанов және статистика агенттігі төрағасының орынбасары Бірлік Меңдібаевтармен бірге қамауға алынған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG