Accessibility links

Иран оппозициялық шерулерге тыйым салды


Иран билігі президент сайлауында жеңілген үміткер Мир Хоссейн Мусавидің қолдаушыларының шерулеріне тыйым салды. Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, бүгін Теһранда өтеді деп жоспарланған шерулер толқуларға алып келуі мүмкін. Жұма күнгі сайлауда қазіргі президент Махмуд Ахмадинежад қайта сайланған соң Иранда наразылық шаралары жалғасып жатыр.

Мусави сайлауда заңбұзушылықтар болды деп айыптап, сайлау қорытындысын жоққа шығаруға шақырды. Ахмадинежадтың айтуынша, сайлаудағы жеңіс әділ әрі шынайы болған.
XS
SM
MD
LG