Accessibility links

Қуаныш Жұманов: Отты қарумен атысқан 17 адам қолға түсті


Алматы облысында отпен атылатын қару қолданып, үш адамды өлтіріп, екі адамды жаралаған қылмыстық оқиғаның қатысушылары ұсталды, — деп хабарлады ҚР ІІМ –нің баспасөз хатшысы Қуаныш Жұманов.

Оның айтуынша, Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округінің маңында орналасқан сайда осы жылдың 4 мамыры күні жол-көлік оқиғасы жанжалының негізінде басталып, соңы қару қолдануға ұласқан екі топтың арасында қылмыстық оқиға орын алған.

«Оқиға орнынан автоматтың, тапаншаның көптеген оқтары, сондай-ақ «ТТ» тапаншасы табылды, қылмыскерлер үш көлікті де тастап кеткен. Жедел іздестіру бойынша атысқа қатысқан екі адам отырған «Мерседес-230» көлігі қолға түскен, полициядан қашқан олардан 16 калибрлі аңшы мылтығының кезігі алынды. Кейіннен Астана мен Шымкенттен полицейлер тағы да бес күдіктіні ұстады. Алматы, Шымкент және Алматы облысының аумағында жүргізілген тексерулер барысында оқиғаның 17 қатысушысы қолға түсті, енді қалғандары іздестірілуде», — деді ҚР ІІМ –нің баспасөз хатшысы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG