Accessibility links

Пәкістан халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады


Пәкістан үкіметі Талибан бүлікшілерімен күресу үшін халықаралық көмекке мұқтаж. Бұл туралы сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши мәлімдеді. Financial Times басылымына берген сұхбатында Куреши егер Пәкістан үкіметіне қосымша көмек көрсетілмесе, Талибан бүлікшілері Үндістан мен басқа аймақтарға жайылуы мүмкін деп ескертті.

Екі күннен кейін өтетін ЕуроОдақ-Пәкістан басқосуында Исламабадқа көмек көрсету мәселесі талқыланады деп күтілуде. Пәкістан билігі елдің солтүстік-батысында Талибанға қарсы операциясын одан әрі жалғастыруда.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG